ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

ДКК жұмыс тәртібі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Дәрігерлік- консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі - № 321 бұйрық) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылады.

ДКК құрамы, мүшелерінің саны (кемінде үш дәрігер), жұмыс тәртібі мен кестесі медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. 

ДКК құрамына төраға, комиссия мүшелері және хатшы кіреді. 

ДКК аптасына кемінде 1 рет медициналық ұйым басшысы бекітетін жоспар-кестелердің негізінде отырыстарды өткізеді.

ДКК жоспардан тыс отырыстары ДКК төрағасының шешімімен өткізіледі (№ 321 бұйрықтың 10-тармағы). 

№ 321 бұйрықтың 11-тармағына сәйкес ДКК емделушіні медициналық тексеруден өткізгеннен, оның медициналық құжаттарын зерттегеннен кейін, клиникалық-диагностикалық тексерулердің нәтижелеріне, өткізілген емдеудің және медициналық оңалтудың нәтижелеріне қарай, еңбек, кәсіп жағдайлары мен сипатын бағалағаннан кейін шешім қабылдайды. ДКК мүшелерінің көпшілігі қолдаған жағдайда ДКК шешімі қабылданған болып саналады.

ДКК шешімі ДКК отырысының хаттамасымен рәсімделеді, хаттама медициналық ұйымның атауын, отырысты өткізу күнін, қатысқан ДКК мүшелерінің тізімін, талқыланатын сұрақтардың тізімін, шешім мен оның негізделуін қамтиды (№ 321 бұйрықтың 12-тармағы).

ДКК шешімі бастапқы медициналық құжаттамаға енгізіледі, ДКК төрағасы мен мүшелері қол қояды (№ 321 бұйрықтың 13-тармағы).


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу