ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесі

Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесі РПДҒПО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімше 40 орынға арналған. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардан зардап шегетін 3 жастан бастап 17 жастан 11 ай 29 күн асқанға дейінгі балалар мен жасөспірімдерге стационар жағдайларында  мамандандырылған жоғары білікті емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ науқастарды мектепке, еңбекке, әлеуметтік бейімдеу және оңалту мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бөлімшеге емдеуге жатқызу және шығару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 125, 126, 128, 129-баптарына сәйкес жүргізіледі. Кәмелетке толмағандар психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімімен ғана орналастырылады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 116, 118, 125, 126).

Қызметтер:

Бөлімшеде әрбір пациент төмендегідей зерттеп-қараудың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі:

  • психологиялық
  • логопедтік зерттеп-қарау
  • педиатрдың
  • невропатологтың
  • гинекологтың
  • дерматологтың
  • хирургтің консультациясы.  
  • ЭКГ, ЭЭГ, РЭГ, ЭХОЭГ, зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Тұрақты түрде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.

Оқу жылының уақыты қыркүйек пен мамыр айларының аралығында 3 түрлі оқу бағдарламасы бар мектеп жұмыс істейді (жалпы, психикалық дамудың тежелуі, қосалқы).

Бөлімшеде тұрақты түрде ҚР аумағында атап өтілетін түрлі мерекелерге арналған бұқаралық мерекелік іс-шаралар өткізіледі. 

Бөлімшеде пациентке қамқорлық пен жылылық сыйлайтын қолайлы атмосфера жасалған. Барлық қызметкерлер 3 жастан жоғары балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген. Әр баланың және олардың ата-аналарының тілін таба біледі. Дөрекілік пен агрессияны болдырмау мақсатында әрбір қызметкердің іс-қимылы басшылық тарапынан қатаң бақылауға алынған.    

Бөлімше ұжымы:

Марина Владимировна Вихновская – бөлімше меңгерушісі.

Білімі мен біліктілігі:

Алматы ҚазҰМУ-дің педиатрия факультетін тәмамдаған (1997 ж.), балалар психиатр-дәрігері.

Біліктілікті арттыру:

Ересектер мен балалар психиатриясы бойынша бастапқы мамандану. Тұрақты түрде мамандығы бойынша білімін жетілдіру тәжірибесін арттырып отырады.

Еңбек өтілі 20 жыл.


Юлия Михайловна Турикова – ординатор-дәрігер

Білімі мен біліктілігі

    Алматы ҚазҰМУ-дің педиатрия факультетін (2007 ж.), С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Психиатрия, психотерапия және наркология» мамандығы бойынша резидентурасын (2007 ж.) тәмамдаған.

Еңбек өтілі: 10 жыл.

Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесінің персоналы жоғары және бірінші санаттағы мейіргерлерден, жоғары педагогикалық білімі бар кіші медицина көмекшілері мен тәрбиешілерден тұрады. Барлық қызметкерлердің 3 жастан басталатын балармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Әрбір баланың және олардың ата-аналарының тілін таба біледі.

Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызуға қажетті құжаттар

  • Психиатр-дәрігердің жолдамасы немесе портал арқылы жоспарлы емдеуге жатқызу талоны. Бөлімшеде орын болған жағдайда өздері жүгінгендерді емдеуге жатқызуға болады;
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Баланың ЖСН-інің көшірмесі;
  • Ата-анасының немесе қамқоршысының куәлігінің көшірмесі;
  • Екпе картасының (63-нысан) көшірмесі немесе профилактикалық екпелерден медициналық бас тарту себептері көрсетілген құжат;
  • Мектептен немесе басқа мектепке дейінгі мекемеден мінездеме;
  • Баланың амбулаториялық картасы;

3 күнге дейін жарамды:

  • Эпидемиологиялық ортасы туралы анықтама;

10 күнге дейін жарамды:

  • ЭКГ;
  • Жалпы қан анализі;
  • Жалпы несеп анализі;
  • Қанның биохимиялық анализі (билирубин, АЛТ, АСТ, қант);
  • Ішек құрты жұмыртқаларының анализі;
  • Hbs Аg қан анализі;

1 жылға дейін жарамды:

  • Кеуде қуысы ағзаларының 15 жастан кейінгі флюорографиясы. 

Күн тәртібі

07.00

Науқастарды ояту

07.00 – 08.00

Гигиеналық процедуралар

07.30 –08.30

Анализдер алу

08.30 – 09.00

Таңғы ас

09.00 –10.00

Таңғы рәсімдер, тағайындауларды орындау

09.30 – 11.00

Дәрігерлік талдау, дәрігерлік аралау

10.00 – 12.30

Қажетті зерттеп-қарау жүргізу, мамандардың консультациясы.

Мектептегі сабақ. Туыстармен кездесу. Серуендеу

12.30 – 13.30

Түскі ас

13.30 – 14.00

Тағайындауларды орындау

14.00 – 16.00

Тынығу уақыты

16.00 – 16.30

Бесіндік

16.30 – 18.00

Туыстармен кездесу. Серуендеу. Бос уақыт

18.00 – 18.30

Кешкі ас

18.30 – 20.00

Бос уақыт. Серуендеу. Туыстармен кездесу

20.00 – 21.00

Тағайындауларды орындау

21.00 – 22.00

Гигиеналық процедуралар

22.00

Түнгі ұйқы

Пациенттердің жай-күйі туралы дәрігермен әңгімелесу
- Сейсенбі 

- Сәрсенбі 

- Бейсенбі

Сағ. 14.00-ден 15.00-ге дейін


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу