ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Психосоматикалық бұзылулар бөлімшесі

Психосоматикалық бұзылыстар бөлімшесі РПДҒПО-ның клиникалық емдеу-диагностикалық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімшеде невротикалық, тұлғалық, психосоматикалық, депрессиялық, үрейлі-фобиялық бұзылыстар кезінде, жарақаттан кейінгі күйзелу жағдайларында, ұйқы бұзылғанда кәсіби медициналық және психологиялық  көмек көрсетіледі.

Бөлімше қызметінің бағыттары:

  • Психотерапия
  • Жеке психотерапия
  • Топтық психотерапия
  • Динамикалық психотерапия
  • Тренинг топтары
  • Релаксация топтары
  • Психофармакологиялық түзету
  • Психологиялық консультация және түзету
  • Гендерлік сәйкестік мәселелеріне комиссиялық қорытынды
  • Гендерлік сәйкессіздік мәселелеріне комиссиялық қорытынды

Қызметтер:

Бөлімше қызметкерлері амбулаториялық және стационарға емдеуге жатқызу кезінде консультация беруді жүзеге асырады. Бөлімшеде  психотерапиялық және психотүзету жұмыстары, шекаралас психикалық бұзылулары бар адамдарды оңалту, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.

Бөлімшеде пациенттерге деген қамқорлық пен мейірімді қарым-қатынас атмосферасы жасалған.   

Бөлімше ұжымы:


Айгүл Ағабекқызы Сүлейменова – бөлімше меңгерушісінің міндетін атқарушы, жоғары санатты психиатр-дәрігер, психотерапевт.

Білімі мен біліктілігі:

«Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар, Орта Азия медициналық педиатрия институтын (1997 ж.), «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура (1998 ж.) тәмамдаған. Ташкент дәрігерлердің білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру институтында «Психиатрия және наркология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен (2000 ж.), жоғары біліктілік санатындағы психиатр-дәрігер. 

Біліктілікті арттыру:

«Психиатрия және наркология» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында біліктілігін арттырған (2004 ж.), психотерапия бойынша сертификаты бар (2013 ж.), «Отбасылық психотерапия негіздері» бойынша Таллин қаласындағы Экономика және менеджмент институтында оқыған (2013 ж.).

Еңбек өтілі: 17 жыл.


Исмагулова Замира Толегеновна 


Туылған жылы: 03.05.1995 ж 

Білімі: сентябрь 2012 ж. - июнь 2017 ж.  .Семей мемлекеттік медициналық университеті, « Жалпы медицина» факультеті ( күндізгі бөлім). 

 Қосымша білімі: 2017-2019ж. Интернатура, филиал Павлодар қаласы  НАО «МУС», «Общая хирургия»факультеті

 2019-2021г.Резидентура- Асфендияров атындағы КазҰМУ   Психиатрия,  оның ішінде балалардыкі

 Еңбек тәжірибесі: 

Фельдшер СНМП Октябрь 2017 - май 2018 г. КГП на ПХВ «Павлодарская областная станция скорой медицинской помощи». 

Октябрь 2018- май 2019  әйелдер кеңесінің акушері  ALMAZ MEDICAL Group

Январь 2021-июль 2021 Асфендияров отындағы КазҰМУ-нің     психиатрия және  наркология кафедрасының лаборанты  

Сентябрь 2021г. врач-ординатор  РНПЦПЗ  психосоматикалық бөлімше 



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу