ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Біз туралы

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РПДҒПО) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынады, нысаны – стационарлық, түрі – республикалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек. Қабылдауды санаты бар мамандар жүргізеді.

Клиникалық база 340 төсекке есептелген (200 төсек – Алматы қаласындағы РПДҒПО-да, 140 төсек – Павлодар қаласындағы филиалда, мұнда әлемдегі жетекші елдердің осы секілді мекемелерінің ең заманауи стандарттарға сай келетін қолданыстағы терапия әдістері жетілдіріліп, жаңа емдеу технологиялары енгізіледі).    

Психиатрия, психотерапия және наркология саласында РПДҒПО-да профилактикалық, консультациялық-диагностикалық ем, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді адамдарға қызмет көрсетілетін РПДҒПО филиалында (Павлодар қаласы) қосымша еңбекке үйретумен, оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру процесінде алынған ауылшаруашылығы өнімін, жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірумен және сатумен байланысты әлеуметтік-оңалту қызметі жүзеге асырылады.

РПДҒПО-ға емдеуге жатқызу өңірлік денсаулық сақтау органдарының жолдамалары бойынша Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша республикалық деңгейде мамандандырылған медициналық көмектің бөлінген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Орталықта емдеу ақылы негізде де ұсынылады.


Орталықтың тарихы

Жан күйзелісіне ұшыраған адамдарға арналған 5 төсектік 10 адам сыятын Верный ауруханасының негізі 1896 жылы қазан айында қаланды. Оны басқаруға Қазан университетінің түлегі, психиатр-дәрігер А.С. Кузьмицкий тағайындалып, нағыз психиатриялық көмек көрсету қолға алынды. Аурухана ауқымын кеңейте отырып, қазіргі аумақта тұрақтағанға, яғни 1923 жылға дейін мекенжайын екі рет өзгертті.   

Аурухана 1935 жылы Алматы медицина институтының клиникалық базасына айналды.

1949 жылы Қазақстанда алғаш рет балалар бөлімшесі ашылды.

1958 жылы науқастарға қызмет көрсетудің екі сатылы жүйесі енгізілді.

1963 жылы күндізгі стационар ашылып, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі құрылды, сондай-ақ аурухана базасында республикадағы психиатр-дәрігерлердің біліктілігін арттырудың алғашқы циклі өткізілді.

1967 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімімен ауруханаға Республикалық мекеме статусы берілді.

1970 жылы емдеу-еңбек кешенінің құрылысы аяқталды.

1987 жылы невроз бөлімшесі ашылды, оның базасында 1997 жылы Республикалық психотерапиялық орталық ұйымдастырылды.

2002 жылы Республикалық клиникалық психиатрия ауруханасы Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына өзгертілді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 880 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосылу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РПДҒПО) болып бақылау кеңесін енгізу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Бүгінде РПДҒПО республика халқына мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республиканың ірі ғылыми-практикалық қызмет орталығы болып табылады.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу