ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Суицидология әне аддиктивті жай-күй бөлімшесі

Суицидология және аддиктивті жай-күй бөлімшесі РПДҒПО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бағыты:

Бөлімше ҚР-ның барлық өңірлері мен Алматы қаласынан келетін түрлі аддиктивті мінез-құлықтағы (алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық, ойынқұмарлық) жасы 18-ден асқан еркектер мен әйелдерді стационарлық зерттеп-қарауды, емдеуді, оңалтуды жүзеге асырады. Бөлімше 30 орынға арналған.

Қызметтер:

Бөлімшеде әрбір пациент барлық қажетті психологиялық, консультациялық (невропатолог, терапевт, қажеттілігіне қарай басқа да мамандардың консультациясы) зерттеп-тексерумен қамтамасыз етіледі. ЭКГ, ЭЭГ, ЭхоЭГ, УДДГ, ЭПО, зертханалық зерттеулер,, сондай-ақ емдеу мен оңалтудың барлық заманауи әдістері (медикаментозды, психотерапия, ЕФК, физиоемдеу) жүргізіледі. Оңалту-бейімдеу жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында бөлімшеде ішінара емдеуге жатқызу және емдеу демалысы арқылы  науқастарды бақылаудың сараланған режимі қолданылады. Пациенттерге арналған жалпы режим бөлімшеде әзірленген тәртіпке сай белгіленген. Оған сәйкес түнгі ұйқы 9 сағаттан кем болмайды, 3 мезгіл тамақ беріледі, жылы уақыт мезгілінде күнделікті серуенге шығарылады және спорттық жаттығу залына баруға болады.

Ақылы қызметтер: бөлімшеде ақылы палата түрінде ақылы қызметтер көзделген, онда пациентке санитарлық торап, душ кабинасы бар жеке палата түрінде қосымша қызметтер ұсынылған. Палата теледидармен, тоңазытқышпен, қысқа толқынды пешпен, электр шәйнегімен жарақтандырылған. Жақсы жағдайларда тұрғысы келетін пациенттер сервис палатасында кешенді ем қабылдай алады. Қосымша сервис қызметтерінің құны тәулігіне 3529 теңге тұрады.

Бөлімше ұжымы:

Сүлейман Әлиұлы Ақназаров – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты психиатр дәрігер, психотерапевт.

Білімі мен біліктілігі:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Ташкент мемлекеттік медицина институтын (1989-1995 жж.), Психиатрия және наркология бойынша клиникалық ординатурасын (1995-1997 жж.), Ташкент дәрігерлердің білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру институтының психиатрия және психотерапия кафедрасында аспирантура тәмамдаған (1997-2000 жж.), біліктілік санаты жоғары психиатр-дәрігер.

Біліктілікті арттыру:

Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында «Психиатрия, наркология, психотерапия және медициналық психология» мамандықтары бойынша біліктілігін арттырған (2013 ж., 2015 ж., 2017 ж.).

Жұмыс өтілі: 22 жыл.

Бақытжан Мырзабайұлы Әшірбеков – ординатор-дәрігер.

Білімі мен біліктілігі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу факультетін (2003 ж.), ҚазҰМУ-дің «Психиатрия және наркология» мамандығы бойынша интернатурасын (2003-2004 жж.) тәмамдаған, психиатр-нарколог, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты (диссертациясын 2009 жылы қорғады).

Инерефлексотерапия бойынша қосымша маманданған (2012 ж.), тұрақты түрде психиатрия және наркология бойынша, сондай-ақ клиникалық фармакология, дәлелді медицина бойынша біліктілігін арттырып отырады.

Еңбек өтілі: 13 жыл.

Орта медицина персоналы клиникалық жұмыс тәжірибесі мол жоғары және бірінші санатты мамандардан тұрады.

Суицидология және аддиктивті жай-күй бөлімшесіне жоспарлы жатқызуға қажетті құжаттар тізбесі 

  • Жеке басты куәландыратын құжат (паспорт, куәлік);
  • Тұрғылықты жері бойынша психиатр/нарколог-дәрігердің жолдамасы;
  • медициналық құжаттама:
  • 10 күнге дейін жарамды
  • ЭКГ
  • жалпы қан анализі;
  • жалпы несеп анализі;
  • ішек құрты жұмыртқаларының анализі;
  • микрореакцияға қан анализі
  • 3 айға дейін жарамды
  • HBsAg
  • 1 жылға дейін жарамды
  • кеуде қуысы ағзаларының флюорографиясы. 

Емдеуге жатқызу бөлімше меңгерушісінің жолдамасы бойынша да жүзеге асырылады (орын болған жағдайда).

Күн тәртібі

 

07.00

Науқастарды ояту

07.00 – 08.00

Гигиеналық процедуралар

07.30 – 08.30

Анализдер алу

08.30 – 09.00

Таңғы ас

09.00 –10.00

Таңғы процедуралар, тағайындауларды орындау

09.30 – 11.00

Дәрігерлік талдау, дәрігерлік аралау

10.00 – 11.00

Топтық психотерапия – 1-лента

11.00 – 12.30

Тағайындауларды орындау, зерттеп-қарау, мамандардың консультациясы.

Туыстармен кездесу. Серуендеу

12.30 – 13.30

Түскі ас

13.30 – 14.00

Тағайындауларды орындау

14.00 – 15.00

Топтық психотерапия – 2-лента

14.00 – 16.00

Тынығу уақыты

16.00 – 18.00

Туыстармен кездесу

18.00 – 18.30

Кешкі ас

18.30 – 20.00

Бос уақыт. Серуендеу. Туыстармен кездесу

20.00 – 21.00

Тағайындауларды орындау

21.00 – 22.00

Гигиеналық процедуралар

22.00

Түнгі ұйқы

Пациенттердің жай-күйі туралы дәрігермен әңгімелесу: 
- Сейсенбі 

- Сәрсенбі 

- Бейсенбі 

Сағ. 14.00-ден 15.00-ге дейін


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу