ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ПҚжІАс) Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – РПДҒПО) медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.
          ПҚжІАҚ қызметінің бағыты – медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қатерлерді барынша азайту.
          ПҚжІАҚ негізгі міндеттері:
1) РПДҒПО-дағы диагностика, емдеу және әлеуметтік-оңалту қызметінің сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;
2) РПДҒПО-да жүзеге асырылатын процестерді денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік мәні бойынша бағалау
3) РПДҒПО-ны ұлттық және/немесе халықаралық аккредитация рәсіміне дайындауға қатысу;
4) медициналық құжаттаманың ұлттық және/немесе халықаралық аккредитация стандарттарына сәйкестік мәніне сараптама жүргізу;
5) қызметке жасалған талдау нәтижелері бойынша жұмыстағы олқылықтарды болдырмауға және жоюға бағытталған және диагностика мен емдеудің сапасы мен тиімділігі арттыруға ықпал ететін іс-шаралар әзірлеу;
6) РПДҒПО пациенттерінің қажетті көлемде уақтылы сапалы психиатриялық көмек алуына қатысты олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) азаматтардың сапасыз көрсетілген медициналық көмекке қатысты өтініштері мен шағымдарын қарау жұмысын үйлестіру;
8) сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша РПДҒПО-ның құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетуді жүзеге асыру;
9) ішкі бақылау жүйесінің қызметін үйлестіру және қатерлерді басқару;
10) нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерін жинау, өңдеу және талдау.

ПҚжІАҚ ұжымы:
Ажар Ғабдулманапқызы Әбеева – қызмет басшысы


Білімі мен біліктілігі:
 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Семей мемлекеттік медицина академиясы (2001 ж.). 2008 жылы «психиатрия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

Біліктілікті арттыру:
«Медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің жұмысын жетілдіру» циклы бойынша Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты, 2016 ж.;
«Қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» циклы бойынша Республикалық медицина институты.
Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін адамдар қауымдастығының мүшесі.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу