ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Әйелдердің эндогендік және экзогендік бұзылулар бөлімшесі

Әйелдердің эндогендік және экзогендік бұзылулар бөлімшесі РПДҒПО-ның клиникалық емдеу-диагностикалық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімшеде жіті және созылмалы психотикалық, ауыр депрессиялық, қияли, органикалық бұзылыстар кезінде кәсіби медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Бөлімше қызметінің бағыттары:

  • шұғыл (жедел) психиатриялық көмек көрсету;
  • стационар шеңберінде жоспарлы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту психиатриялық көмек көрсету;
  • пациенттермен және олардың туыстарымен консультациялық жұмыс;
  • психологиялық консультация беру және түзету

Қызметтер:

Бөлімше қызметкерлері амбулаториялық және стационарға емдеуге жатқызу кезінде консультация беруді жүзеге асырады. Бөлімшеде клиникалық зерттеулер, психотерапиялық, психотүзету және оңалту жұмыстары, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.

Бөлімше 35 орынға арналған. Бөлімшеде пациенттерге деген қамқорлық пен мейірімді қарым-қатынас атмосферасы жасалған.

Бөлімше ұжымы:

Айгүл Мухамедиярқызы Ембергенова – бөлімше меңгерушісі.

Білімі мен біліктілігі:

Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1996 ж.), жоғары санатты нарколог-дәрігер.

Б.Д. Карвасарский атындағы психотерапия және медициналық психология институтының базасында «Созылмалы психикалық ауруларды емдеу мен оңалтудың заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша маманданған, UNODS-тің «Treatment of children with drug use problems» өңірлік бағдарламасына қатысқан.

Жұмыс өтілі: 21 жыл.


Гүлбахрам Өркенқызы Саятова – ординатор-дәрігер.

Білімі мен біліктілігі:

Жоғары медициналық білімі бар, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша аяқтаған (2012 ж.); С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Дәрігер» мамандығы бойынша интернатура                 (2012-2014 жж.), С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Психиатрия, психотерапия және наркология» мамандығы бойынша резидентура тәмамдаған (2014-2016 жж.).

Орта медицина персоналы клиникалық жұмыс өтілі көп жоғары және бірінші санаттағы мамандардан тұрады.

Әйелдердің эндогендік және экзогендік бұзылулар бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызуға қажетті құжаттар тізбесі

  • Жеке басты куәландыратын құжат (паспорт, куәлік);
  • Тұрғылықты жері бойынша психиатр/нарколог дәрігердің жолдамасы
  • Медициналық құжаттама:
  • 10 күнге дейін жарамды
  • ЭКГ
  • жалпы қан анализі;  
  • жалпы несеп анализі;
  • ішек құрты жұмыртқаларының анализі;
  • микрореакцияға қан анализі
  • 3 айға дейін жарамды
  • HBsAg
  • 1 жылға дейін жарамды
  • кеуде қуысы ағзаларының флюорографиясы 

Емдеуге жатқызу бөлімше меңгерушісінің жолдамасы бойынша да жүзеге асырылады (орын болған жағдайда).

Күн тәртібі

07.00 Науқастарды ояту

07.00 – 08.00 Гигиеналық процедуралар

07.30 – 08.30 Анализдер алу

08.30 – 09.00 Таңғы ас

09.00 –10.00 Таңғы процедуралар, тағайындауларды орындау

09.30 – 11.00 Дәрігерлік талдау, дәрігерлік аралау

11.00 – 12.30 Тағайындауларды орындау, зерттеп-қарау, мамандардың консультациясы. Туыстармен кездесу. Серуендеу

12.30 – 13.30 Түскі ас

13.30 – 14.00 Тағайындауларды орындау

14.00 – 16.00 Тынығу уақыты

16.00 – 18.00 Туыстармен кездесу

18.00 – 18.30 Кешкі ас

18.30 – 20.00 Бос уақыт. Серуендеу. Туыстармен кездесу

20.00 – 21.00 Тағайындауларды орындау

21.00 – 22.00 Гигиеналық процедуралар

22.00 Түнгі ұйқы

- Сәрсенбі Пациенттердің жай-күйі туралы дәрігермен әңгімелесу

- Сейсенбі 

- Бейсенбі 

Сағ. 14.00-ден 15.00-ге дейін


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу