- Ерлердің эндогендік және экзогендік бұзылулар бөлімшесі
Ерлер клиникалық бөлімшесі
Ерлер клиникалық бөлімшесі РПДҒПО – ның клиникалық емдеу-диагностикалық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімшеде жіті және созылмалы психотикалық, ауыр депрессиялық, қияли, органикалық бұзылыстар кезінде кәсіби медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Бөлімше қызметінің бағыттары:
• шұғыл (жедел) психиатриялық көмек көрсету;
• стационар шеңберінде жоспарлы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту психиатриялық көмек көрсету;
• әскери қызметшілерге зерттеп-қарау жүргізу;
• пациенттермен және олардың туыстарымен консультациялық жұмыс;
• психологиялық консультация беру және түзету.
Қызметтер:
Бөлімше қызметкерлері амбулаториялық және стационарға емдеуге жатқызу кезінде консультация беруді жүзеге асырады. Бөлімшеде клиникалық зерттеулер, психотерапиялық, психотүзету және оңалту жұмыстары, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.
Бөлімше 35 орынға арналған. Бөлімшеде пациенттерге деген қамқорлық пен мейірімді қарым-қатынас атмосферасы жасалған.
Бөлімше ұжымы:
Есимов Наби Болатович - бөлімше меңгерушісі - бірінші санаттағы психиатр-дәрігер. 2013 ж. бастап іскерлік әкімшілік магистрі (MBA). Жұмыс тәжірибесі 2013 жылдан бастап.;
"Білімі: Жоғарғы
2016 – 2019 ж. ҚМУ «ВШОЗ», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантура
2013 – 2015 ж. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (КазМУНО), «Психиатрия» мамандығы бойынша резидентура
2012 – 2013 ж. Халықаралық Бизнес Университеті, MBA (Master of Business
Administration) «Менеджмент» маманы
2012 – 2013 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Терапия» мамандығы бойынша интернатура
2006 – 2012 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (бакалавриат), «Емдеу ісі» факультеті"
Сейтжанова Айгерім Қайратқызы – ординатор - дәрігер. Жұмыс тәжірибесі 2018 жылдан бастап
"Білімі: Жоғарғы
2010 – 2015 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (бакалавриат), «Жалпы медицина» факультеті
2015 – 2017 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатура.
2017 – 2019 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Психиатрия» мамандығы бойынша резидентура
Каменская Анастасия Николаевна - ординатор - дәрігер. Жұмыс тәжірибесі 5 жыл
Білімі: Жоғарғы
2009 – 2014 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (бакалавриат), «Жалпы медицина» факультеті
2014 – 2016 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Терапия» мамандығы бойынша интернатура
2016 – 2019 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Психиатрия» мамандығы бойынша резидентура"
Махпирова Захидам Ярмухаметовна – аға мейірбике. Жұмыс тәжірибесі 1989 ж. бастап
Білімі: Арнайы-орта
1986 – 1989 г. Талғар медицина училищесі, мамандығы – мейірбике
- ординатор-дәрігер.