ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Бос жұмыс орындары

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК келесі лауазымға конкурс жариялайды:

  • Зерттеу үйлестірушісі

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өз түйіндемелері мен біліктілігін растайтын сканерленген нұсқадағы құжаттарын «Зерттеу үйлестірушісінің конкурстық лауазымына кандидат» белгісімен info@mentalcenter.kz мекенжайына жіберуге шақырамыз.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2021 жылғы 3 наурызға дейін жергілікті уақытпен сағат 17.00-ге дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер сұхбаттасуға шақырылады (online).

Қосымша ақпаратты келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 272-48-32.

Техникалық тапсырма

18.02.2021


ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК келесі лауазымдарға конкурс жариялайды:

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өз түйіндемелері мен біліктілігін растайтын сканерленген нұсқадағы құжаттарын «Бухгалтердің конкурстық лауазымына үміткер» белгісімен info@mentalcenter.kz мекенжайына жіберуге шақырамыз. 

Құжаттарды өткізу мерзімі: 2021 жылғы 15 ақпандағы жергілікті уақыт сағ. 17:00-ге дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер сұхбаттасуға шақырылады (online).

Қосымша ақпаратты келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 272-48-32. 

01.02.2021


ХАБАРЛАНДЫРУ

Лауазым: бухгалтер
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: Ішінара, 2021-2023 жылдар аралығында.
26.01.2021

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК келесі лауазымдарға конкурс жариялайды:

1. Мониторинг және ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі маман. Лауазымдық міндеттер

2. Бухгалтер. Лауазымдық міндеттер

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды түйіндемелерін және біліктілігін растайтын сканерленген нұсқадағы құжаттарын «конкурстық лауазымға ізденуші...» белгісімен info@mentalcenter.kz электронды мекен-жайына жіберуге шақырамыз. 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 қантарында жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер сұхбаттасуға (online) шақырылады.

Қосымша ақпаратты 8 (727) 272-48-32 телефоны арқылы алуға болады.


ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК келесі лауазымдарға конкурс жариялайды:


1. ұлттық үйлестіруші

2. мониторинг және ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі маман

3. көмекші-логист

4. бухгалтер


Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды түйіндемелерін және біліктілігін растайтын сканерленген нұсқадағы құжаттарын «конкурстық лауазымға ізденуші...» белгісімен info@mentalcenter.kz электронды мекен-жайына жіберуге шақырамыз.


Құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 28 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге дейін.


Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер сұхбаттасуға (online) шақырылады.

Қосымша ақпаратты 8 (727) 272-48-32 телефоны арқылы алуға болады.


ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕР

Лауазым: бухгалтер

Жұмыс орны: Алматы қ.

Біліктілік талаптары:

1.       Бухгалтерлік есеп жөніндегі маманның жоғары экономикалық немесе қаржылық білімі және бухгалтерлік есеп бойынша өзіндік тәжірибелік жұмысының кемінде 3-5 жылдық тәжірибесі болуы тиіс.

2.       Мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 3 жыл.

3.       Кәсіби бухгалтер сертификаты.

4.       Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу тәжірибесі (ЮНИСЕФ, СДС, UNAIDS, UNODC).

5.       Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу міндетті болып табылады.

6.       Азаматтық, еңбек құқықтарының негіздерін, қаржылық және салық заңнамасын, бухгалтерлік есепке алу мен есептілікті жасауды, қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды білу.

7.       Қазақ және ағылшын тілдерін білу басымдық болып табылады.

8.       Бухгалтерлік есеп жөніндегі маман электрондық кестелермен (MS Excel-ді қоса) және мәтіндік редакторлармен (MS Word) бірге 1С бухгалтерия жүйесін жақсы білуі және жұмыс істей алуы керек.

Лауазымдық міндеттер:

1.      Жаһандық қордан бөлінген грант қаржысының есебінен жүргізілген барлық транзакциялар мен операцияларды журналды-есептік нысанда 1С бухгалтерия жүйесінде есепке алуды дер кезінде жүзеге асыру.

2.      1С бухгалтерияда есепке алумен екінші деңгейлі банктер арқылы төлемдерді жүзеге асыру және толықтық пен нақтылықты қамтамасыз ету үшін банктермен бірге төлемдерді және қаражаттың қалдығын ай сайын салыстыра тексеру.

3.      Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

4.      Жауапты кезеңнен кейінгі айдың 10-шы жұлдызына дейін 1С бухгалтерия жүйесіндегі барлық бухгалтерлік есепшоттарды және айналым-сальдолық тізімдемелерді ай сайын жабу бойынша процедураларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, аудиторлардың түзетулері бойынша сыртқы аудиторлармен жұмыс жүргізу және 1С бухгалтерия жүйесінің деректерімен аудиттелген қаржылық есептіліктің толық сәйкес келуі үшін осы түзетулерді 1С бухгалтерия жүйесіне енгізу.

5.      Жаһандық қордың барлық гранттарының қаржысына сатып алынған барлық тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды 1С бухгалтерия жүйесінде дер кезінде есепке алуды жүзеге асыру және сандық қалдықтарды салыстырып тексеру.

6.      Бастапқы құжаттарды ай сайын көшіру және оларды РПДҒПО бухгалтериясына өткізу, есепшоттар бойынша сальдоны ай сайын РПДҒПО бухгалтериясымен салыстырып тексеру.

7.      ҚР заңнамасының және ЖҚ талаптарына сәйкес жобаны іске асыру шеңберінде барлық қаржылық және бухгалтерлік құжаттаманы сақтауды және мұрағаттауды жүзеге асыру.

8.      ЖТС бойынша және резидент еместер үшін ЖТС бойынша ҰК үшін есептерді тоқсан сайын жасау және ҚР Ұлттық банкіне тоқсан сайын есеп әзірлеу.

9.      Республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтар мен алымдарды, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын уақтылы және дұрыс есептеу, аудару.

10.  Есепке алу саясатына және қаржылық нұсқаулыққа сәйкес ҚҚС дер кезінде және дұрыс қайтару бойынша мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетпен өзара әрекеттесу.

11.  Жұмыс барысы туралы тоқсандық және жылдық есептерге талдау жасау және әзірлеу үшін қаржы маманына 1С бухгалтерия жүйесінен дер кезінде, нақты және толық қаржылық ақпаратты ұсыну.

12.  Дебиторлық және несиелік қарызды контрагенттермен ай сайын салыстырып тексеру.

13.  Қаржы ұйымдарымен, аудиторлармен және бақылаушы органдармен іскерлік қарым-қатынас орнату (коммуникация) хаттамасын орындау.

14.  Іскерлік қарым-қатынас тәжірибесіне, даулы жағдайларды шешудің жоғарғы қабілетіне ие болу.

15.  Гранттың барлық бухгалтерлік құжаттары бойынша есептілікті жасауға, оларды сақтау мен мұрағаттауға бақылау жүргізуді жүзеге асыру.

Жұмыспен қамту:

Ішінара, 2021-2023 жылдар аралығында.


ХАБАРЛАНДЫРУ


ҚР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК бухгалтер лауазымына конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды түйіндемелерін және біліктілігін растайтын сканерленген нұсқадағы құжаттарын «бухгалтер конкурстық лауазымына ізденуші» белгісімен info@mentalcenter.kz электронды мекен-жайына жіберуге шақырамыз.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 11 қантарында жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге дейін.

 

Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер сұхбаттасуға (online) шақырылады.

Қосымша ақпаратты 8 (727) 272-48-32 телефоны арқылы алуға болады.


ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕР


Лауазым: мониторинг және ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі маман

Жұмыс орны: Алматы қ.

Негіздеме:

2008 жылы Қазақстанда апиындарды агонистермен алмастырушы қолдаушы терапия бағдарламасының (бұдан әрі – ААҚТБ) алғашқы бекеттері ашылған сәттен бастап жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан олардың тиімділігі жеткілікті түрде жоғары болмай келді. Тәуелділік ауруларының алдын алумен және емдеумен айналысатын мекемелер мен АИТВ жұқпасы таралуының мәселелері жөніндегі ұйымдар арасында жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстардың әсері қысқа мерзімді болды. ААҚТБ жүргізу және тұрақты дамыту бойынша бірыңғай стратегия болмады, жергілікті іс-шаралар жүргізілді, алайда олар өзара байланыста болған жоқ. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жүргізілген жұмыстарға талдау жасау стратегияны түбегейлі түрде өзгерту қажеттілігін көрсетті. Жаңа стратегиялық жоспардың басты ерекшелігі, іс-шаралардың барлық деңгейлері өзара келісілген, жаңа стратегияның тармақтарын орындауға қатысты мәселелерге тікелей жетекшілік ететін Ұлттық үйлестіруші мен басқа мамандар қарастырылған.

Қазақстан БҰҰ ЕҚБ және ДДСҰ Stop Overdose Safely (S-O-S) «Мөлшерден көп тұтынудың қауіпсіз алдын алу» бірлескен бастамасына қатысқан елдердің бірі болды, бұл жобаның аясында 2017-2020 жылдары Алматы қаласында көп орталықтандырылған когортты зерттеу жүргізілген болатын. Аталған зерттеудің алдын ала нәтижелеріне сәйкес оқыту мен Налоксон дәрілік препаратының жиынтықтарын қолға берудің көптеген жағдайларда мөлшерден көп тұтынудың өлімге әкеп соқтыратын қайғылы жағдайларының алдын алуға жәрдем бергені анықталды. Қазіргі сәтте антидот ретінде Налоксон дәрілік затын пайдалануды қоса отырып, апиындарды мөлшерден көп тұтынумен байланысты жағдайларға жауапты ауқымды шараларды қабылдау қажет. Сондай-ақ, жоспарланған іс-шараларды сапалы орындау үшін мөлшерден көп тұтынудың алдын алу мәселелерімен айналысатын Ұлттық үйлестіруші жұмысқа тартылады. 

Қазақстанда ПБЗ тұтынудан туындаған ПМБ байланысты наркологиялық есепте тұратын адамдардың жалпы санының азаюы аясында 2019 жылы жаңа психикалық белсенді заттарды (ЖПБЗ) тұтынатын адамдар санының екі есе артқаны тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасында ЖПБЗ тұтыну бойынша наркологиялық жағдайға пилоттық барлау эпидемиологиялық баға беруді зерттеу нәтижелері бойынша (2019 жыл) катинондар нарығының (синтетикалық психикалық ынталандырушы заттар) және тиісінше оларды тұтынудың біршама күшейгені байқалады. Психикалық денсаулықты қорғау қызметі және шектес мамандық мамандарында дәлелділігі жоғары соңғы ғылыми зерттеулерге негізделген арнайы білімдердің жеткіліксіз деңгейінің білінуі  күрделі мәселе болып тұр. Осы мәселені шешу мақсатында мөлшерден көп тұтынудың және ЖПБЗ алдын алу мәселелері бойынша Ұлттық жаттықтырушыларды оқыту үшін біріктірілген семинарларды өткізу жоспарланып отыр.

Осылайша, ААҚТБ жетілдіру, апиындық мөлшерден көп тұтынулардың және ЖПБЗ тұтынушылары үшін араласулардың алдын алу бойынша іс-шараларды тиімді орындау үшін тек жоғарыда көрсетілген мәселелермен айналысатын МАҚ маман қатысуы қажет.


Лауазымдық міндеттер:


  1. Грантты қосалқы алушының (РПДҒПО) жоспарланған іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік ұйымдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.

  2. Грантты қосалқы алушының Жұмыс жоспарының іс-шараларын іске асыруға, іс-шараларды орындау есептерін, жоспарларын әзірлеуге қатысу.

  3. РПДҒПО іс-шараларын орындау шеңберінде коммуникацияларды, қолдау көрсетуді, үйлестіруді және жүргізілетін жұмысқа мониторинг жасауды қамтамасыз ету. 

  4. Конференцияларды, брифингтерді, семинарларды, кеңестерді, жиналыстарды, жұмыс кездесулерін және т.б. ұйымдастыруға қатысу.

  5. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына: Министрге, вице-министрлерге, тиісті Департаменттердің басшыларына хабарлау және келісу үшін ЖҚ грантының жобасы бойынша сатып алынатын медициналық мақсаттағы тауарлар мен негізгі құралдарды әкелу үшін дайындық пен құжаттар енгізуді қоса отырып, материалдарды және басқа ілеспе құжаттарды әзірлеуге қолдау көрсету.

  6. РПДҒПО тарапынан ЖТБЖҚ грантының Жұмыс жоспарын іске асыруға қатысты бұйрықтарды, бағдарламаларды, қатысушылардың тізімдерін, тренингтер мен іс-шараларға сауалнамаларды әзірлеу;

  7. РПДҒПО іс-шараларын енгізу және іске асыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу: ҚР ДСМ бұйрықтары, Жұмыс жоспарының, ЖТБЖҚ грантының шеңберінде ДСБ-мен, жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық ұйымдармен бірлескен жоспарлар;

  8. Әдістемелік ұсынымдарды, модульдерді, нұсқаулықтарды, ақпараттық білім беру материалдарын, нұсқаулық хаттарын әзірлеуге қатысу;

  9. Жобаларды іске асыру бойынша мәселеге байланысты БАҚ-қа қатысу және сөз сөйлеу, мақалалар жариялау.

  10. Шартпен көзделінген іс-шараларды орындауда және қажетті есептілікті дайындауда, сондай-ақ туындаған мәселелерді шешуде грантты қосалқы алушыға қолдау көрсету.

  11. Аймақтық психикалық денсаулық орталықтарының ААҚТ бағдарламасын іске асыру бойынша қызметіне тұрақты шолу жасауға қатысу.


Біліктілік талаптары:

Негізгі

  1. «Психиатрия» мамандығы бойынша тәжірибелік қызметінің өтілі (наркологиялық тәжірибеде) кемінде 10 жыл (құжатпен расталады), оның ішінде апиындарды агонистермен алмастырушы қолдаушы терапия бағдарламасындағы өтілі кемінде 5 жыл.

  2. «Психиатрия» мамандығы бойынша біліктілік санаты және/немесе ғылыми дәрежесі жоғарыдан төмен емес (құжатпен расталады).

  3. Апиындарды агонистермен қолдаушы терапия кабинеттеріне менторлық сапарлармен бару тәжірибесінің болуы.

  4. Қоғамдық денсаулық/психиатрия саласында тәуелділік психиатриясымен байланысты ғылыми және/немесе білім беру қызметін жүзеге асыру (докторантурада жалғасып жатқан оқу немесе аяқталған докторантура, аспирантура, ізденуге қабылдау және т.б., немесе қазіргі уақытта ғылыми дәреже, немесе оқытушылық қызмет).

  5. Білуі тиіс: қоғамдық денсаулық сақтау, тәуелділіктер психиатриясы мәселелерін, нормативтік-құқықтық актілерді, бизнес процестерді реттеуді, ПБЗ тұтынумен байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылуларында алмастырушы терапия бағдарламасын, АИТВ/ЖИТС залалын төмендету, алдын алу бағдарламаларын (сұхбаттасуда расталады).

  6. ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың саясатын және процедураларын, ЖҚ-ның Қазақстандағы ағымдағы қызметін білу. 


Өзге талаптар:

  1. Ұйымдастырушылық біліктер: 

Тапсырманың көп болуы режимінде жұмыс істей білу, ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу. Қызметкерлердің жұмысын ынталандыру және ұйымдастыру. Жоспарлау және уақытты басқару біліктері (time management).

  1. Коммуникациялық біліктер:

Келіссөздерді жүргізе білу, көпшілік алдында сөйлей білу біліктері, сауатты ауызша және жазбаша тіл.

  1. Жеке қасиеттер:

Жұмыс тәжірибесі мол жауапты және жоғары ұйымдастырылған қызметкер. Тез оқудан өте алатын, өзіне өзі талап қоя алатын тұлға, ұқыптылық, орындаушылық.

  1. Ағылшын тілін білгені абзал.

  2.  Дербес компьютермен, MS Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу біліктерін меңгеру, интернетті, электрондық поштаны пайдалана білу.


Жұмыспен қамту: 

2021-2023 жылдар аралығындағы толық жұмыс күні.


ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕР


Лауазым: РПДҒПО ұлттық үйлестірушісі

Жұмыс орны: Алматы қ.

Негіздеме:

2008 жылы Қазақстанда апиындарды агонистермен алмастырушы қолдаушы терапия бағдарламасының (бұдан әрі – ААҚТБ) алғашқы бекеттері ашылған сәттен бастап жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан олардың тиімділігі жеткілікті түрде жоғары болмай келді. Тәуелділік ауруларының алдын алумен және емдеумен айналысатын мекемелер мен АИТВ жұқпасы таралуының мәселелері жөніндегі ұйымдар арасында жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстардың әсері қысқа мерзімді болды. ААҚТБ жүргізу және тұрақты дамыту бойынша бірыңғай стратегия болмады, жергілікті іс-шаралар жүргізілді, алайда олар өзара байланыста болған жоқ. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жүргізілген жұмыстарға талдау жасау стратегияны түбегейлі түрде өзгерту қажеттілігін көрсетті. Жаңа стратегиялық жоспардың басты ерекшелігі, іс-шаралардың барлық деңгейлері өзара келісілген, жаңа стратегияның тармақтарын орындауға қатысты мәселелерге тікелей жетекшілік ететін Ұлттық үйлестіруші мен басқа мамандар қарастырылған.

Қазақстан БҰҰ ЕҚБ және ДДСҰ Stop Overdose Safely (S-O-S) «Мөлшерден көп тұтынудың қауіпсіз алдын алу» бірлескен бастамасына қатысқан елдердің бірі болды, бұл жобаның аясында 2017-2020 жылдары Алматы қаласында көп орталықтандырылған когортты зерттеу жүргізілген болатын. Аталған зерттеудің алдын ала нәтижелеріне сәйкес оқыту мен Налоксон дәрілік препаратының жиынтықтарын қолға берудің көптеген жағдайларда мөлшерден көп тұтынудың өлімге әкеп соқтыратын қайғылы жағдайларының алдын алуға жәрдем бергені анықталды. Қазіргі сәтте антидот ретінде Налоксон дәрілік затын пайдалануды қоса отырып, апиындарды мөлшерден көп тұтынумен байланысты жағдайларға жауапты ауқымды шараларды қабылдау қажет. Сондай-ақ, жоспарланған іс-шараларды сапалы орындау үшін мөлшерден көп тұтынудың алдын алу мәселелерімен айналысатын Ұлттық үйлестіруші жұмысқа тартылады. 

Қазақстанда ПБЗ тұтынудан туындаған ПМБ байланысты наркологиялық есепте тұратын адамдардың жалпы санының азаюы аясында 2019 жылы жаңа психикалық белсенді заттарды (ЖПБЗ) тұтынатын адамдар санының екі есе артқаны тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасында ЖПБЗ тұтыну бойынша наркологиялық жағдайға пилоттық барлау эпидемиологиялық баға беруді зерттеу нәтижелері бойынша (2019 жыл) катинондар нарығының (синтетикалық психикалық ынталандырушы заттар) және тиісінше оларды тұтынудың біршама күшейгені байқалады. Психикалық денсаулықты қорғау қызметі және шектес мамандық мамандарында дәлелділігі жоғары соңғы ғылыми зерттеулерге негізделген арнайы білімдердің жеткіліксіз деңгейінің білінуі  күрделі мәселе болып тұр. Осы мәселені шешу мақсатында мөлшерден көп тұтынудың және ЖПБЗ алдын алу мәселелері бойынша Ұлттық жаттықтырушыларды оқыту үшін біріктірілген семинарларды өткізу жоспарланып отыр.

Осылайша, ААҚТБ жетілдіру, апиындық мөлшерден көп тұтынулардың және ЖПБЗ тұтынушылары үшін араласулардың алдын алу бойынша іс-шараларды тиімді орындау үшін тек жоғарыда көрсетілген мәселелермен айналысатын Ұлттық үйлестіруші қатысуы қажет.


Негізгі мақсат:

ЖТБЖҚ (РПДҒПО) грантының қосалқы алушысына келесі салаларда іс-шараларды іске асыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету: 

(1) ААҚТБ тиімділігін арттыру және бағдарламаны кеңейту; 

(2) апиындарды мөлшерден тыс тұтынудың алдын алу;

(3) ЖПБЗ тұтынудан туындаған бұзылуларды емдеу.


Лауазымдық міндеттер:


  1. Грантты (РПДҒПО) қосалқы алушының бағдарламалық іс-шараларын іске асыруды үйлестіру және бақылау.

  2. Келісімдерді, Жол карталарын, РПДҒПО тарапынан Жоспарларды орындау шеңберінде іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау.

  3. Грантты қосалқы алушының индикаторларын, мақсаттары мен міндеттерін үйлестіруді және мониторинг жасауды жүзеге асыру.

  4. Грантты қосалқы алушының іс-шараларын іске асыруды тиімді орындау үшін мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу. 

  5. РПДҒПО жобалары мен бағдарламаларын тиімді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен, «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» мемлекеттік кәсіпорнымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл.

  6. Басшылыққа, Техникалық жұмыс тобына, АКК, аудитке хат жазғанда және РПДҒПО қызметі мен іс-шараларын іске асыруға қатысты басқа да сұрауларға жауап бергенде қосалқы алушының ЖТБЖҚ грантын іске асыру бойынша барлық есептерін дайындауға қатысу.

  7. Қосалқы алушының грантты іске асыру шеңберіндегі алдын алу және бағдарламалық іс-шаралары бойынша ағымдағы деректерін жинақтауды және талдау жасауды жүргізу;

  8. РПДҒПО тарапынан ЖТБЖҚ грантының Жұмыс жоспарын іске асыруға қатысты бұйрықтарды, бағдарламаларды, қатысушылардың тізімдерін, тренингтер мен іс-шараларға сауалнамаларды әзірлеу;

  9. РПДҒПО іс-шараларын енгізу және іске асыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу: ҚР ДСМ бұйрықтары, Жұмыс жоспарының, ЖТБЖҚ грантының шеңберінде ДСБ-мен, жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық ұйымдармен бірлескен жоспарлар;

  10. Әдістемелік ұсынымдарды, модульдерді, нұсқаулықтарды, ақпараттық білім беру материалдарын, нұсқаулық хаттарын әзірлеуге қатысу;

  11. Жобаларды іске асыру бойынша мәселеге байланысты БАҚ-қа қатысу және сөз сөйлеу, мақалалар жариялау.



Біліктілік талаптары:

Негізгі

  1. «Психиатрия» мамандығы бойынша тәжірибелік қызметінің өтілі (наркологиялық тәжірибеде) кемінде 10 жыл (құжатпен расталады).

  2. «Психиатрия» мамандығы бойынша біліктілік санаты және/немесе ғылыми дәрежесі жоғарыдан төмен емес (құжатпен расталады).

  3. «Психиатрия» мамандығы бойынша оқытушылық жұмыс тәжірибесі (құжатпен расталады).

  4. Халықаралық ұйымдармен жұмыс тәжірибесі.

  5. Қоғамдық денсаулық/психиатрия саласында тәуелділік психиатриясымен байланысты ғылыми және/немесе білім беру қызметін жүзеге асыру (докторантурада жалғасып жатқан оқу немесе аяқталған докторантура, аспирантура, ізденуге қабылдау және т.б., немесе қазіргі уақытта ғылыми дәреже, немесе оқытушылық қызмет).

  6. Жақын және алыс шет елдердің ғылыми журналдарында психофармакотерапия және наркологиялық науқастарды оңалту мәселелеріне арналған мақалалардың жариялануы.

  7. Жаңа психикалық белсенді заттарды тұтынудан туындаған бұзылулардың алдын алуға, емдеуге, таралуына арналған семинарларға қатысу (құжатпен расталады).

  8. Тәуелділік ауруларының алдын алу және емдеу бойынша халықаралық қоғамдастықтарға мүше болу (құжатпен расталады).

  9. Ғылыми және өзге әдебиетті аударуға қажетті деңгейде ағылшын тілін меңгеру (сұхбаттасуда расталады), халықаралық сертификаттардың болуы маңызды (IELTS от 6,0; TOEFL iBT от 85).

  10. Білуі тиіс: қоғамдық денсаулық сақтау, тәуелділіктер психиатриясы мәселелерін, нормативтік-құқықтық актілерді, бизнес процестерді реттеуді, ПБЗ тұтынумен байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылуларында алмастырушы терапия бағдарламасын, АИТВ/ЖИТС залалын төмендету, алдын алу бағдарламаларын (сұхбаттасуда расталады).

  11. ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың саясатын және процедураларын, ЖҚ-ның Қазақстандағы ағымдағы қызметін білу.


Өзге талаптар:

  1. Ұйымдастырушылық біліктер: 

Тапсырманың көп болуы режимінде жұмыс істей білу, ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу. Қызметкерлердің жұмысын ынталандыру және ұйымдастыру. Жоспарлау және уақытты басқару біліктері (time management).

  1. Коммуникациялық біліктер:

Келіссөздерді жүргізе білу, көпшілік алдында сөйлей білу біліктері, сауатты ауызша және жазбаша тіл.

  1. Жеке қасиеттер:

Жұмыс тәжірибесі мол жауапты және жоғары ұйымдастырылған қызметкер. Тез оқудан өте алатын, өзіне өзі талап қоя алатын тұлға, ұқыптылық, орындаушылық.

  1.  Дербес компьютермен, MS Word, MS Excel, MS Access, MS Power Point бағдарламаларымен жұмыс істеу біліктерін меңгеру, интернетті, электрондық поштаны пайдалана білу.



Жұмыспен қамту: 

2021-2023 жылдар аралығындағы толық жұмыс күні.


ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕР


Лауазым: бухгалтер

Жұмыс орны: Алматы қ.

Біліктілік талаптары: 

  1. Бухгалтерлік есеп жөніндегі маманның жоғары экономикалық немесе қаржылық білімі және бухгалтерлік есеп бойынша өзіндік тәжірибелік жұмысының кемінде 3-5 жылдық тәжірибесі болуы тиіс.

  2. Мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 3 жыл.

  3. Кәсіби бухгалтер сертификаты.

  4. Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу тәжірибесі (ЮНИСЕФ, СДС, UNAIDS, UNODC).

  5. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу міндетті болып табылады.

  6. Азаматтық, еңбек құқықтарының негіздерін, қаржылық және салық заңнамасын, бухгалтерлік есепке алу мен есептілікті жасауды, қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды білу.

  7. Қазақ және ағылшын тілдерін білу басымдық болып табылады.

  8. Бухгалтерлік есеп жөніндегі маман электрондық кестелермен (MS Excel-ді қоса) және мәтіндік редакторлармен (MS Word) бірге 1С бухгалтерия жүйесін жақсы білуі және жұмыс істей алуы керек.


Лауазымдық міндеттер:

  1. Жаһандық қордан бөлінген грант қаржысының есебінен жүргізілген барлық транзакциялар мен операцияларды журналды-есептік нысанда 1С бухгалтерия жүйесінде есепке алуды дер кезінде жүзеге асыру.

  2. 1С бухгалтерияда есепке алумен екінші деңгейлі банктер арқылы төлемдерді жүзеге асыру және толықтық пен нақтылықты қамтамасыз ету үшін банктермен бірге төлемдерді және қаражаттың қалдығын ай сайын салыстыра тексеру.

  3. Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

  4. Жауапты кезеңнен кейінгі айдың 10-шы жұлдызына дейін 1С бухгалтерия жүйесіндегі барлық бухгалтерлік есепшоттарды және айналым-сальдолық тізімдемелерді ай сайын жабу бойынша процедураларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, аудиторлардың түзетулері бойынша сыртқы аудиторлармен жұмыс жүргізу және 1С бухгалтерия жүйесінің деректерімен аудиттелген қаржылық есептіліктің толық сәйкес келуі үшін осы түзетулерді 1С бухгалтерия жүйесіне енгізу.

  5. Жаһандық қордың барлық гранттарының қаржысына сатып алынған барлық тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды 1С бухгалтерия жүйесінде дер кезінде есепке алуды жүзеге асыру және сандық қалдықтарды салыстырып тексеру.

  6. Бастапқы құжаттарды ай сайын көшіру және оларды РПДҒПО бухгалтериясына өткізу, есепшоттар бойынша сальдоны ай сайын РПДҒПО бухгалтериясымен салыстырып тексеру.

  7. ҚР заңнамасының және ЖҚ талаптарына сәйкес жобаны іске асыру шеңберінде барлық қаржылық және бухгалтерлік құжаттаманы сақтауды және мұрағаттауды жүзеге асыру.

  8. ЖТС бойынша және резидент еместер үшін ЖТС бойынша ҰК үшін есептерді тоқсан сайын жасау және ҚР Ұлттық банкіне тоқсан сайын есеп әзірлеу.

  9. Республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтар мен алымдарды, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын уақтылы және дұрыс есептеу, аудару.

  10. Есепке алу саясатына және қаржылық нұсқаулыққа сәйкес ҚҚС дер кезінде және дұрыс қайтару бойынша мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетпен өзара әрекеттесу.

  11. Жұмыс барысы туралы тоқсандық және жылдық есептерге талдау жасау және әзірлеу үшін қаржы маманына 1С бухгалтерия жүйесінен дер кезінде, нақты және толық қаржылық ақпаратты ұсыну.

  12. Дебиторлық және несиелік қарызды контрагенттермен ай сайын салыстырып тексеру.

  13. Қаржы ұйымдарымен, аудиторлармен және бақылаушы органдармен іскерлік қарым-қатынас орнату (коммуникация) хаттамасын орындау.

  14. Іскерлік қарым-қатынас тәжірибесіне, даулы жағдайларды шешудің жоғарғы қабілетіне ие болу.

  15. Гранттың барлық бухгалтерлік құжаттары бойынша есептілікті жасауға, оларды сақтау мен мұрағаттауға бақылау жүргізуді жүзеге асыру.


Жұмыспен қамту: 

Ішінара, 2021-2023 жылдар аралығында.


ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕР


Лауазым: көмекші-логист

Жұмыс орны: Алматы қ.

Негіздеме:


ЖТБЖҚ грантының қосалқы алушысы болып табылатын Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2023 жылдар аралығында келесі салаларда іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр: 

(1) ААҚТБ тиімділігін арттыру және бағдарламаны кеңейту; 

(2) апиындарды мөлшерден тыс тұтынудың алдын алу;

(3) ЖПБЗ тұтынудан туындаған бұзылуларды емдеу.

ЖТБЖҚ Жұмыс жоспарын орындау шеңберінде грантты қосалқы алушының жұмыстың үлкен көлемін орындауын тиімді іске асыру үшін көмекші-логист лауазымы көзделінген. 

Лауазымдық міндеттер:


  1. Ұлттық үйлестіруші, МАҚ маманы жүктеген әкімшілік міндеттемелерді орындау.

  2. Құжаттарды, сондай-ақ шығыс және кіріс құжаттарын, соның ішінде пошталық хат-хабарларды және қағаз және электронды тасымалдағыштардағы курьерлік хаттарды тіркеуді, есепке алуды, сақтауды және мұрағаттауды қамтамасыз ету.

  3. Қызметкерлердің іссапарларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету (әуе және темір жол билеттеріне тапсырыс беруді, қонақ үйді брондауды және т.б. есептегенде).

  4. Семинарларға, тренингтерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, кеңестерге және т.б. іс-шараларға қатысушылардың логистикасын (тұруы, жол ақысы, трансфер) ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

  5. Басшылықпен және қызметкерлермен келісу, келушілерді қабылдауды ұйымдастыру, келіссөздерді жүргізу.

  6. Үйлестірушіге және басқа қызметкерлерге қызметтік ақпаратты жеткізу және тіркеу.

  7. Ұлттық үйлестірушінің, МАҚ маманының тапсырмасы бойынша қызметтік құжаттаманы дайындау, басып шығару және көшіру-көбейту жұмыстарын орындау.

  8. Жиналыстар мен кеңестердің хаттамаларын жүргізу және дайындау.

  9. Бухгалтермен бірге медициналық мақсаттағы тауарлар/жұмыстар/қызметтерді жеткізушілермен байланыстарды орнатуға жауап береді (жеткізушілерді іздеу, шарттарды түзу, жеткізушілердің байланыс парағын және шарттар тізілімін жүргізу, тексеру актілерін сұрату).

  10. ААҚТ бағдарламасының шеңберінде есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу және дәрілік заттардың шығынына бақылау жасау. 


Біліктілік талаптары:

  1. Қаржылық саладағы жоғары оқу орнының дипломы.

  2. Жоспарлау және уақытты басқару біліктері (time management).

  3. MS Office компьютерлік бағдарламалар пакетін, электрондық поштаның бағдарламалық клиенттерін пайдаланудың жоғары деңгейі, сондай-ақ Интернет желісінде ақпаратты жинақтау және өңдеу дағдылары.

  4. Қарым-қатынастарды орнатуға, сондай-ақ ғылыми және өзге әдебиетті аударуға қажетті деңгейде ағылшын тілін меңгеру (сұхбаттасуда расталады).

  5. Мемлекеттік ұйымдарда экономикалық салада жұмыс істеу тәжірибесі.

  6. Халықаралық ұйымдардың жүмысымен байланысты жобаларда немесе шетелдік компаниялардың өкілдіктерінде жұмыс істеу тәжірибесінің болғаны дұрыс.

  7. Келіссөздерді жүргізе білу, көпшілік алдында сөйлей білу біліктері, сауатты ауызша және жазбаша тіл, қоғамдық қызметке қатысу (ҮЕҰ-да, еріктілік және т.б.).

  8. Жұмыс тәжірибесі мол жауапты және жоғары ұйымдастырылған қызметкер. Тез оқудан өте алатын, өзіне өзі талап қоя алатын тұлға, ұқыпты, атқарушы.



Жұмыспен қамту: 

2021-2023 жылдар аралығындағы толық жұмыс күні.





Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу