Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_top position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_bottom position below the menu.

Басты бет

Орталық туралы

Пациенттерге

Ғылым және білім

Баспасөз қызметі

Ақпарат

Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_bottom position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_top position below the search.

Сайт ішіндегі іздеу

Тіркелу

Сенім телефоны: + 7 (727) 272-38-09

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының

2017 жылғы «___» _________№ ____

бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

Алматы қаласы, 2017 жыл

  1. Жалпы ережелер
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу және қайта құру жолымен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 880 қаулысына сәйкес құрылды және олардың барлық құқықтары мен міндеттерінің, оның ішінде тараптардың даулы міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
  3. Кәсiпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
  4. Кәсiпорынның мүлкiне қатысты мемлекеттiк республикалық меншiк құқығы субъектiсінiң құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрi – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
  6. Кәсіпорынның атауы:

толық:

қазақ тілінде – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

орыс тілінде  – республиканское государственное предприятие  на праве хозяйственного ведения «Республиканский научно-практический центр психического здоровья» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

сокращенное:

қазақ тілінде – ҚР ДСӘДМ «РПДҒПО» ШЖҚ РМК;

орыс тілінде – РГП на ПХВ «РНПЦПЗ» МЗСР РК.

  1. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: 050022, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Амангелді көшесі, 88-үй.
  2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі
  1. Кәсiпорын мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Кәсiпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерiмi, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және Кәсiпорынның атауы бар бланкiлерi, мөрi болады.
  3. Кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құра аламайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер құра алады.

  1. Кәсіпорын жасайтын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
  1. Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласының қызметін жүзеге асыру болып табылады.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты республиканың медициналық ұйымдарының ғылыми, ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық қызметін үйлестіру және жүзеге асыру, сондай-ақ психикалық денсаулық саласында жоғары білікті мамандандырылған көмек көрсету болып табылады.
  3. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

         1) ғылыми-практикалық зерттеулерді, психикалық денсаулықты нығайту бойынша алдын-алу шараларын әзірлеу мен енгізуді, бүкіл халықтың өмір сүру сапасын, психикалық деңгейін, психологиялық салауаттылығын арттыруды жүргізу, қатысу;

2) психобелсенді заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар адамдардың алдын алу, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу, енгізу және жетілдіру;

3) фармокологиялық құралдарды, жабдықтарды клиникалық зерттеулердің әртүрлі кезеңдерін жүргізу;

4) психикалық денсаулық мәселелері бойынша заңнамалық жобалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, психикалық денсаулық қызметін дамыту мәселелері бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

5) психикалық денсаулық мәселелері бойынша ғылыми журналдар, әдістемелік жинақтар, оқу құралдар, анықтамалықтар, бейнероликтер, фильмдер, аудио және бейне оқу құралдарын әзірлеуге, басып шығаруға және өткізуге қатысу;

6) психиатриялық және наркологиялық ұйымдардың практикасында озық медициналық технологияларды әзірлеуге, енгізуге және іске асыруға қатысу;

7) психикалық денсаулық мәселелері бойынша ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларды, симпозиумдарды, семинарларды, онкүндіктерді, дөңгелек үстелдерді, баспасөз конференцияларын ұйымдастыруға қатысу;

8) психикалық денсаулық профилактикасының ұлттық және өңірлік бағдарламаларын іске асыруды ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асыруға қатысу;

9) психатрия, психотерапия, наркология, сондай-ақ емдеуде жатқан адамдардың ілеспе аурулары саласында алдын алу, консультациялық-диагностикалық, емдеу, медициналық-әлеуметтік, оңалту көмегін көрсету;

10) оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде алынған еңбекке баулу, ауыл шаруашылық өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірумен және өткізумен байланысты әлеуметтік-оңалту қызметі;

11) психотроптық және наркологиялық заттарды, сондай-ақ емдеуде жатқан адамдарға арналған инъекциялық ерітінділер мен дәрілік препараттарды сақтау, дайындау және жіберу;

12) бірлескен өтеусіз қызмет көрсету бағдарламаларына қатыса отырып, ғылыми, ғылыми-практикалық және өзге де ұйымдармен психикалық денсаулық мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

         13) психиатрия, психотерапия, наркология, сексопатология, психология, суицидология және психикалық денсаулық саласындағы басқа да мәселелерге қатысты оқу бағдарламаларын ұйымдастыру, әзірлеу және біліктілікті арттыру, кадрларды қайта даярлау курстарын, семинарлар, мастер – класстар өткізу.

  1. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не бас директорының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  3. Бас директордың Кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
  1. Кәсіпорынды басқару
  1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы болады;

2) Қазақстан Республикасының атынан Кәсіпорынға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

3) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорынның түрін айқындайды және Кәсіпорынның Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

4) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

5) Кәсіпорын мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

6) Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

8) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

9) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

10) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;

11) Кәсіпорынның жұмыс істеуі мен оны басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.

  1. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорынның түрін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорынға берген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

6) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

9) Кәсіпорынның таза табыстың белгіленген бөлігін республикалық бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

10) Кәсіпорын бас директорының ұсынымы бойынша оның орынбасарларын  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

12) Кәсіпорын бас директорының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн белгілейді;

13) Кәсіпорын бас директорының ұсынымы бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;

 14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын басқа да мәселелерді шешеді.

  1. Кәсіпорынның органы оның бас директоры болып табылады.
  2. Бас директорды тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның бас директорымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақтылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын бас директорының жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорынның бас директоры Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорынның бас директоры Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  3. Кәсіпорынның бас директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Бас директор:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өзінің орынбасарларын қоспағанда, Кәсіпорынның қызметкерлерімен еңбек шартын жасасады және бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды банкрот деп таныған немесе оңалту рәсімін қолдану және уақытша не банкроттық немесе оңалту басқарушыны тағайындаған жағдайда басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттық немесе оңалту басқарушыға өтеді.

 

 

  1. Байқау кеңесімен Кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері

 

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 880 қаулысына сәйкес Кәсіпорынға Кәсіпорын органы – байқау кеңесі енгізілді.
  2. Байқау кеңесі құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорындарға қойылатын өлшемшарттарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
  3. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекітеді.
  4. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін анықтау тәртібін мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекітеді.
  5. Кәсіпорынның байқау кеңесі туралы ережені, Кәсіпорынның байқау кеңесінің мәжілісін шақыру және өткізу тәртібін тиісті саланың уәкілетті органы бекітеді.
  6. Кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:

1) Кәсіпорынның даму жоспарының жобасы және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытындыны тиісті саланың уәкілетті органына береді;

2) дамыту жоспарын орындау туралы есептің жобасын келіседі, Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;

3) демеушілік және қайырымдылық көмекті, қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде Кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;

4) бюджет қаражатын және қосымша көздерден алынған қаражатты мақсатты пайдалануды бақылау үшін Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттарды мақсатты пайдалануды тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органына ұсыныстар енгізеді;

5) Кәсіпорынның бас директорын тағайындау және онымен жасалған еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының ұсыныстарын келіседі;

6) дамыту жоспарымен бекітілген қаражат шегінде қосымша қаржы көздерінен Кәсіпорын қызметкерлерінің, бас директордың, оның орынбасарларының, бас бухгалтердің лауазымдық айлықақыларына үстемеақы, сыйақы беруді және материалдық көмек көрсетуді белгілеуге қатысты шешімдер қабылдайды және ұжымдық келісім шартты әзірлеуге қатысады;

7) байқау кеңесі хатшысының айлықақысының көлемін және өкілеттілік мерзімін тағайындайды, анықтайды және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;

8) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды енгізеді;  

9) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

10) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы ұсыныстарды енгізеді;

11) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорын өкілдіктерінің филиалдарын құру және жабу бойынша ұсыныстарды енгізеді.

  1. Кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстары қажет болуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
  2. Кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, тиісті саланың уәкілетті органының, байқау кеңесі мүшесінің немесе Кәсіпорын ректорының талап етуі бойынша шақыруы мүмкін.
  3. Кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысы, егер Кәсіпорынның байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа Кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.
  4. Кәсіпорынның байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Кәсіпорынның байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
  5. Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оларға байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.
  1. Кәсiпорынның мүлкi
  1. Кәсiпорынның мүлкiн, құны оның теңгерiмiнде көрсетiлетiн Кәсiпорынның активтерi құрайды.
  2. Кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейтiн болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерi, пайлар) бойынша, оның iшiнде Кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсiпорынның мүлкi:

1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң;

2) өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерiнiң есебiнен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе бұл заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының
    48-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  7. Осы Жарғының 47-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

- шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

- артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
  2. Кәсіпорын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мыналарға:

1) филиалдар, өкілдіктер құруға;

          2) оған тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешегіне билік етуге;

         3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;

         4) қарыздар беруге құқылы.

  1. Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
  2. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлетті орган) өзгеше белгілемесе, осы Жарғының 50 және 51-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес өткізеді.
  2. Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 190 236 000 (жүз тоқсан миллион екі жүз отыз алты мың) теңгені құрайды.

Жарғылық капиталды меншік иесі (құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі сәтіне толық қалыптастыруы тиіс.

 

  1. Кәсiпорынның есепке алуы мен есептiлiгi
  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясаты туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
  3. Кәсіпорын байқау кеңесімен жылдық қаржылық есеп беруге аудит жүргізуге міндетті.

Кәсіпорын аудиті Кәсіпорынның қаражаты есебінен байқау кеңесінің, бас директордың, тиісті саланың уәкілетті органының бастамасы бойынша жүргізілуі мүмкін.  

 

 

  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі
  1. Кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша оған тиісті бүкіл мүлкімен жауап бередi.
  1. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас

 

  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес

белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

  1. Кәсiпорынның қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
  1. Кәсiпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерiн жыл сайын тиiстi саланың уәкiлеттi органы белгiлейдi.
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық жалақылардың мөлшерлерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейді.
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
  2. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, республикалық бюджеттің табысына есептеледі.

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
  1. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

Бас директордың

міндетін атқарушы  С.А. Алтынбеков _______________