Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_top position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_bottom position below the menu.

Басты бет

Орталық туралы

Пациенттерге

Ғылым және білім

Баспасөз қызметі

Ақпарат

Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_bottom position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_top position below the search.

Сайт ішіндегі іздеу

Тіркелу

Сенім телефоны: + 7 (727) 272-38-09

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ПҚжІАҚ) Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – РПДҒПО) медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.

          ПҚжІАҚ қызметінің бағыты – медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қатерлерді барынша азайту.

          ПҚжІАҚ негізгі міндеттері:

1) РПДҒПО-дағы диагностика, емдеу және әлеуметтік-оңалту қызметінің сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;

2) РПДҒПО-да жүзеге асырылатын процестерді денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік мәні бойынша бағалау

3) РПДҒПО-ны ұлттық және/немесе халықаралық аккредитация рәсіміне дайындауға қатысу;

4) медициналық құжаттаманың ұлттық және/немесе халықаралық аккредитация стандарттарына сәйкестік мәніне сараптама жүргізу;

         5) қызметке жасалған талдау нәтижелері бойынша жұмыстағы олқылықтарды болдырмауға және жоюға бағытталған және диагностика мен емдеудің сапасы мен тиімділігі арттыруға ықпал ететін іс-шаралар әзірлеу;

         6) РПДҒПО пациенттерінің қажетті көлемде уақтылы сапалы психиатриялық көмек алуына қатысты олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

         7) азаматтардың сапасыз көрсетілген медициналық көмекке қатысты өтініштері мен шағымдарын қарау жұмысын үйлестіру;

         8) сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша РПДҒПО-ның құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетуді жүзеге асыру;

         9) ішкі бақылау жүйесінің қызметін үйлестіру және қатерлерді басқару;

         10) нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерін жинау, өңдеу және талдау.

          ПҚжІАҚ ұжымы:

         Ажар Ғабдулманапқызы Әбеева – ПҚжІАҚ басшысы

  Білімі мен біліктілігі:

  «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Семей мемлекеттік медицина академиясы (2001 ж.). 2008 жылы «психиатрия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

Біліктілікті арттыру:

«Медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің жұмысын жетілдіру» циклы бойынша Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты, 2016 ж.;

«Қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» циклы бойынша Республикалық медицина институты.

Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін адамдар қауымдастығының мүшесі.

Қалия Қамшыбайқызы Көбегенова – ішкі аудиттің психиатр-дәрігері

Білімі мен біліктілігі:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Алматы мемлекеттік медицина институты (1968 ж.).

«Психиатрия» мамандығы бойынша интернатурада бастапқы маманданудан өткен.

Біліктілікті арттыру:

Психиатрия, наркология, сот-психиатриялық сараптама бойынша дипломнан кейінгі даярлықтардан өткен. 

Біліктілік санаты жоғары психиатр-дәрігер. Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін адамдар қауымдастығының мүшесі.