Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_top position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_bottom position below the menu.

Басты бет

Орталық туралы

Пациенттерге

Ғылым және білім

Баспасөз қызметі

Ақпарат

Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_bottom position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_top position below the search.

Сайт ішіндегі іздеу

Тіркелу

Сенім телефоны: + 7 (727) 272-38-09

   Орталықтың қызметтері

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РПДҒПО) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынады, нысаны – стационарлық, түрі – республикалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек. Қабылдауды санаты бар мамандар жүргізеді.

Клиникалық база 340 төсекке есептелген (200 төсек – Алматы қаласындағы РПДҒПО-да, 140 төсек – Павлодар қаласындағы филиалда, мұнда әлемдегі жетекші елдердің осы секілді мекемелерінің ең заманауи стандарттарға сай келетін қолданыстағы терапия әдістері жетілдіріліп, жаңа емдеу технологиялары енгізіледі).    

Психиатрия, психотерапия және наркология саласында РПДҒПО-да профилактикалық, консультациялық-диагностикалық ем, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі.

         Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді адамдарға қызмет көрсетілетін РПДҒПО филиалында (Павлодар қаласы) қосымша еңбекке үйретумен, оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру процесінде алынған ауылшаруашылығы өнімін, жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірумен және сатумен байланысты әлеуметтік-оңалту қызметі жүзеге асырылады.

         РПДҒПО-ға емдеуге жатқызу өңірлік денсаулық сақтау органдарының жолдамалары бойынша Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша республикалық деңгейде мамандандырылған медициналық көмектің бөлінген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Орталықта емдеу ақылы негізде де ұсынылады.